Белгілі сахабалардың бірі Әбу Сағид әл-Худурий (Алла одан разы болсын) Алланың елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
–Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Түсімде мен «Сод» сүресін оқып отыр екенмін. Қасымда қалам, сия сауыт және тал бар екен деймін. Мен сүредегі сәжде аятына жетіп, оны оқығанымда әлгі қалам, сия сауыт және ағаштың барлығы да сәжде жасады – дейді.
Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.):
–Ағаш, қалам және сия сауыт сәжде жасаған уақытта, тек сен сәжде қылмадың ба, ей, Әбу Сағид?! – деп оған Құранға құрмет қылу керектігін айтыпты.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ