Бас редактор: Батыржан МАНСҰРОВ
Сарапшы редактор: Саясат КӨКЕНАЙ
Қазақ тіліне тәржімалаған: Файзулла ТАЙТЕЛИЕВ
Компьютерлік теру: Нұрбол ШАЙҚЫҰЛЫ
Көркемдеуші: Жандар РАШИТҰЛЫ
Сүннеттің діндегі орны, Суюти.
– Алматы: «Хикмет» баспа үйі, 2010. 112 б.
ISBN 978-601-7094-46-1
Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) дүние салғаннан кейін өте қысқа мерзім ішінде, сүннеттің сапасы, рөлі мен маңызына байланысты талас-тартыстар туындап, қазіргі күнімізге дейін жалғасын тауып келеді. Тартысып келе жатқан ағымдарға жеке-жеке тоқталмай, жалпылама топ ретінде қарайтын болсақ, тартыстың бір жағына сүннетті дәлел ретінде қабылдайтындарды, екінші жағына қабылдамайтындарды қоюға болады.
Хадисті дәлел ретінде қабылдамайтындарға қарсы жүргізілген жазба түріндегі еңбектердің ішіндегі маңыздыларының бірі ретінде Х/ХҮІ ғасырдағы Ислам ғалымдарының бірі Суютидің (ө. 911/1505) «Мифтахул-жәннә фил-ихтижаж биссүннә» деген еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектің осы тақырыптарға байланысты қалам тартылған кітаптардан ерекшелігі, алғашқы ғасырлардан бастап Ислами еңбектерде орын алған сүннеттің дәлел болуына байланысты келтірілген хадистер мен көзқарастарды жинақтағандығында жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда дара әрі көлемді еңбек болғандығы үшін, алғашқылардың қатарына жатады. Сондай-ақ, Суютиден кейін ғалымдар мен ізденушілердің диссертациялық жұмыстарына арқау болуы еңбектің құндылығын көрсетуде.
Жүктеп алу: СҮННЕТТІҢ ДІНДЕГІ ОРНЫ