Сұрақ: Сүндеттелу мұсылманға парыз ба және үлкен жаста мұсылман болған адамды сүндеттелуге мәжбүрлеу керек пе?
Жауап: Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран Кәрімде ер адамдардың сүндеттелуіне қатысты нақты айтылған мәлімет жоқ. Ибрахим пайғамбардың баласы Исмаилден таралған деп саналатын арабтарда еркектерді сүндеттеу болған.
Хз. Мұхаммед пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) сүндеттелуге тыйым салған жоқ және оны жаратылыс қажеттілігі тазалық мақсатында жүзеге асырылған әдет деп санаған. Жалпы, Ислам дінінде еркектердің сүндеттелуі діни тұрғыдан орындалуы міндетті «парыз» ретінде қарастырылмаса да, мұсылмандар арасында сүндеттелуге қатты маңыз беріледі.
Тарихқа үңілер болсақ, алғашқы болып Ибраһим пайғамбар сүндеттелген болып есептеледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) сүннеттерді тілге тиек еткенде олардың ішінен ең алдымен сүндеттелуді атап айтқан. Көріп отырғанымыздай, Ибрахим пайғамбардан жеткен сүндеттелу әдеті ғасырлар бойы мұсылмандар үшін дәстүрге айналған. Мәселенің төркіні осылай болғандықтан, сүндеттелу мұсылман болудың шарттарынан емес деп айта аламыз. Сондықтан үлкен жаста мұсылман болған адам, егер олар сүндетке отырса, тек жақсы амал жасаған болып саналады. Егер ол сүндеттелуді қаламаса, мәжбүрлеуге болмайды.
Осы жерде, Ибрахим пайғамбар сексен жасында сүндеттелгенін айта кету керек. Сондай ақ, бүгінгі медициналық зерттеулерде сүндеттелмеген еркектерге үйленген әйелдерде жатырдың қатерлі ісігі сүндеттелген еркектерге үйленген әйелдерге қарағанда жоғары екендігі анықталғанына да назар аударғым келеді.
Балғабек Мырзаев