Шариғатта баланы сүндетке отырғызудың нақты бір уақыты белгіленбеген. Алайда, ғалымдар Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз немерелері Хасан мен Хүсейінді туылғанына жетінші күн толғанда сүндеттегенін ескере келе, баланы жас кезінде сүндеттеуді мұстахап (ұнамды жақсы іс) санаған. Өйткені, барынша жас кезінде сүндеттеу баланың тәрбиесіне, психикасына оң әсерін тигізетінін ескерткен.