Астанада қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен Нәрікбаев Университеті студенттері, магистранттар мен оқытушылар құрамы үшін арнайы шақырылған сарапшылардың дәрісі өтті.
Лекторлар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысының қатысушылары: Ватиканның Дінаралық диалог дикастериясы Ислам істері бойынша бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше (Ватикан) және Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Мұхаммед Зия-уль-Хак (Пакистан) мырзалар.
Халед Акаше мырза Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық қарым-қатынасты ілгерілету мақсатын рөліне ерекше баға беріп, ынтымақтастық пен діни толеранттылықтың қазақстандық моделі көпке үлгі екенін атап өтті. Ал Мұхаммед Зия-уль-Хак мырза исламдық құқықтық нормалар мен әлемдік құқықтық стандарттар арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығы туралы сөз қозғап, халықаралық қақтығыстар және діннің рөлі – халықаралық қатынастарға әсері және оларды шешу жолдары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, лекция барысында діни лидерлердің рухани дипломатия арқылы халықаралық диалог, жаһандық мәселелерге қосатын үлесі және дін мен адам құқығы туралы мәселелерге ерекше назар салынды.
Дәріс соңында тыңдаушылар лекторларға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.