Бала сүю – әрбір ерлі-зайыптының басты мақсаты және жеке құқықтары. Табиғи жолдармен балалы бола алмаған ерлі-зайыптылар, медициналық тәсілдер қолдану арқылы балалы болуды көздейді. Ерлі-зайыптылардың репродуктивті жасушаларын қолданатын әдістерді «in vivo» ұрықтандыру, гомологиялық ұрықтандыру және IVF сияқты әдістермен ұрықтандырады. Бұл әдістердің «in vivo» немесе жатырдан тыс «in vitro» тәсілімен ұрықтандыру тек ерлі-зайыптылардың жұмыртқаларымен ғана жүзеге асырылады. Ал гетерологиялық ұрықтандыру, жұмыртқа трансплантациясы, эмбрионды бір әйелден екінші әйелге трансплантациялау және аналық тасымалдаушы әдісін қолданады.[1] Кейбір жағдайларда жұмыртқа да, сперма да ерлі-зайыптыларға тиесілі болмауы мүмкін. Осы әдістердің нәтижесінде бірнеше ана мен әке пайда болады. Жасанды ұрықтандыру әдістерінің тарихи бағытын ескере отырып, «in vivo»-дан басталып, кейіннен «in vitro» әдісі қолданыла бастаған. Дамып келе жатқан бұл технологиялардың басты себебі – балалы болуға деген ұмтылыстың нәтижелері деуге болады. Бұл әдістерге қатысты, әр елде әртүрлі ережелер бар. Ережелер діни, ұлттық, мәдениет және моральдық перспективалары үлкен рөл атқарады. Діни тұрғыдан алғанда, католиктердің бұл мәселеде қаншалықты қатал екенін байқауға болады. Ал, Ислам ғалымдары ерлі-зайыптылардың өз арасында, ұрықты жасушаларды пайдаланған жағдайда, жасанды ұрықтандыру әдістеріне қарсы емес.[2] Бұл жерде айта кету керек, өлімнен кейін сперма қолдануға Ислам діні тиым салған. Осы себептен де, жалдамалы аналыққа да рұқсат етілмеген.[3] Мұндай әдістермен балалы болудың орнына, мұсылмандар бала асырап алу мақсатында, балалар үйінде ата-анасының сүйіспеншілігінен айырылған балаларға қамқоршылық жасауды жөн көреді. Өйткені әйел өзінің жұбайының ұрығынан басқа ұрық қолданар болса, өгей әке болып есептеледі. Ал еркектің ұрығын басқа әйелде қолданар болса, өгей ана кейпін киеді. Яғни, қамқоршы болғаннан айырмашылығы болмай қалады. Көріп отырғанымыздай, ерлі-зайыптылардың өзінің генетикалық белгілері жоқ баланы дүниеге әкелгенше, асырап алу әлде қайда тиімді деп санайды.
Ұрпақтың жалғасуы туралы жіктеме жасағанда, ер кісінің ұрығын таситын ананың басқамен некелі болмауын негізге алады. Өйткені әйел басқамен некелі болатын болса, іштегі баланың кімнің ұрпағы екенін білу қиынға соғады. Сонымен қатар, тасымалдаушы ана жасанды ұрықтандыру әдісі болып саналады, мұндай әдістерде комбинациялар пайда болуы мүмкін. Ұрықтандырудың бірнеше тәсілдері болғанымен, ерлі-зайыптылар арасында жөн санайды. Үшінші бір адамның араға кіруі, баланың болашағына кері әсері болуымен қатар, діни әрі ұлттық санаға да қайшы.
Өмірге келген баланың жеке құқығын қорғау үшін, анонимділік ережені қайта қаралуы немесе түбегейлі тиым салынуы қажет. Өйткені заңда, ұлтта әрі діни тұрғыдан бір-бірімен некеге тұруға тыйым салынған адамдар арасындағы психологиялық және моральдық міндетті жоқ санай алмаймыз. Құпия пароль кодтарымен ұрықтандырудың алдын алуға болады деген түсінік болғанымен, қоғамның құндылықтарымен санаспау дұрыс емес.[4]
Әрбір бала өз тегін білу жеке құқығы. Баланың ата-анасы генетикалық байланыспен анықталады. Баланың пайда болуын қамтамасыз еткен жұмыртқаның иесі – сол баланың анасы және ұрықтың иесі де әкесі. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 10-тарауында анасы мен әкесінің құқықтарының тең екенін көрсеткен. Сонымен қатар, баланың әкесі немесе анасы болғанын сот тәртібімен де анықтау құқығы берілген. Сондықтан, анасы мен әкесінің анықтамасы ережелерге бағынуы керек. Туу туралы куәлігіне баланың әкесі мен анасының толық есімдері жазылады. Бұл әдістерде үшінші тұлғаға репродуктивті жасушалар қолданылған жағдайда, тегінің жойылып, баланың нақты анаға немесе әкесіне қосылуын қамтамасыз етуге болады. Ал, күйеуінің рұқсатын алмай, басқа адамның ұрығын қолдану арқылы балалы болу, күйеуінің жеке басының құқығын бұзуға әкеп соғады.
Ерлі-зайыптылар арасында жасанды ұрықтандыру әдістері заңды проблема тудырмайтындықтан, ұрпағын жалғастырушы, мұрагер сынды мәселелерде Азаматтық кодекстің ережелері қолданылады. Үш немесе одан көп адамдар арасында жасанды ұрықтандыру әдістері қолданғанда, құқықтық проблемалары да бірлікте келуде. Сондықтан гетерологиялық ұрықтандыру, жұмыртқа трансплантациясы, эмбрион трансплантациясында жатырдың анадан анаға айырмашылығы бар.[5] Себебі әр әдісте әртүрлі ата-ана тәрбиесі кездеседі. Ешкім баланың жеке басына қатысты құқығын бұзуға құқығы жоқ. Бұл жағдай адам құқықтары аясында, жалпыға бірдей өлшемге ие. Жоғарыда айтылғандай, қан ұрықты анықтау үшін негізгі аспект. Өз қанынан емес, өзгенің қанын арқалағанға баланың әкесі мен шешесі алдында болашағы бұлыңғыр болары хақ. Өйткені соңғы технологияны қолдану арқылы еркектің ұрығы басқа әйелде қолданғанындай, әйелдің жатырында басқа әйелде қолдану арқылы балалы болу мүмкіндігі беруде.[6]
Технологиялық жетістіктер құқық саласында өзгерістерді талап еткенімен, ұлттық және діни тұрғыдан өзгерістерді талап етуге қауқарсыз. Қазақ ұлтының некелесу тәртібінде жеті атаға дейін немесе өз руыңнан қыз алмау тәртібі ұрпақтың салауатты болуын негіздеген.
Исатай Бердалиев
Ислам Құқық Ғылымдарының Докторы
[1] Экши А (ө.2011), Ислам медицина құқығы, Енсар нәшрият. Бет 18.
[2] Зуһайли (ө.1989), әл-Фиқһу л-Ислами уә Әдиллаһ, Дамаск Дарул Фикр, бет 94.
[3] Бути, Мәсәлату Таһдидун Нәсл, Дамаск, бет 45.
[4] Зулейха Шахин Нуртан, Ислам құқығы және биоэтика (жауапкершілік және ұрпақ туралы биоэтикалық пікірталастар) докторлық диссертациясы, Ыспарта.
[5] Таййар Алтыкулаш, Ислам және туу процесі, бет 21.
[6] Көмекші ұрықтандыру, : Қосымша қараңыз: Gabriele Knauss, Ethische Aspekte der Reproduktionsmedizin aus dem Blickwinkel von Pflegepersonen, Hausarbeit im Fachb e-reich Pädagogik, Salzburg, Dezember 2000. бет 29.