Сұрақ: Рух нәсілге, ұлтқа, руға бөлінеді ма?
Жауап: Рух – тәнге (денеге) белгілі бір мерзімге ғана келген қонақ. Адам анасының құрсағында төрт айлық болғанға дейін өсімдік іспеттес өмір сүреді. Бала, ұлты пәләнше болған әкесінің белінен шығып, басқа бір ұлтқа жататын немесе сол ұлттан болған анасының құрсағына келіп бітеді.
Осылайша Алланың рахымымен сол құрсақта өсіп, дүниеге келеді.
Сол себепті ұлт, нәсіл, ру деген ұғым – ол тек осы дүниеге ғана қатысты. Анасының құрсағына келерде ол ешбір ұлтқа тиесілі емес еді.
Сондықтан рухтың нәсілі, ұлты, руы болмайды. Асылында адамның мәні рухта. Ал денесі – рухтың үйі іспеттес.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ