Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы зор. Адам дүниетанымының кеңдігімен келетін рухани байлық әдебиет, өнер, салт-дәстүр, біліммен ұштасса қоғам берік, ұлт алынбас қамалға айналады. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жаһандану дәуірінде жұтылмаудың жолы ұлттық кодта деген пікірде.