Шымкент орталық мешітінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне Мәуліт жыры оқылып, салауат айтылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және мешіт жамағаты қатысты.
Рухани шара барысында ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев Мәуліт жырын оқыды. Игі шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, насихатталды.
Шара соңында Құран бағышталып, Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 47 мешітте Мәуліт мерекесіне орай арнайы дастарқан жайылып, жамағатқа ас берілді.