Қызылорда облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 18 қазан күні Достық үйінде «Рухани келісім – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында діни бірлестіктер жетекшілерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға облыстағы діни бірлестіктердің өкілдері, діни сала қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы Қ. Жанұзақов кіріспе сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды 18 қазан «Рухани келісім күні» меркесімен құттықтады.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А. Жұмабаев «Этноконфессияаралық келісімді сақтаудағы Ассамблеяның рөлі», Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Б. Абуов «Дінаралық келісім – басты ұстаным», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Б. Қожамберлиев «Зайырлылық – дін мен мемлекеттің арасындағы алтын көпір», «Алматыдағы Қасиетті Үштік Рим-Католик Епархиясы» діни бірлестігінің Қызылорда қаласындағы филиалының жетекшісі Э. Стефани «Азаматтық қоғам қалыптастырудағы конфессияаралық келісімнің маңызы» тақырыптарында баяндама жасады.
Мемлекеттің дін саласындағы саясатын ілгерлетудегі жүргізіліп жатқан жұмыстар, діни бірлестіктер арасындағы іс-шаралар рухани келісімнің беріктігін, өзге дін өкілдерінің арасындағы тұрақтылық пен татулықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
Рухани келісім күнінде аймақта рухани келісім, татулық, тұрақтылықты сақтауда еңбек етіп жүрген тұлғалар алғыс хаттарымен марапатталды.
Қызылорда облысының дін істері басқармасы