Ағмаш Әбу Уәйлдің былай дегенін риуаят етеді: «Досым екеуміз Салман Фарисиге (р.а.) қонаққа бардық. Алдымызға арпа наны мен қатық ретінде тұз қойды. Досым:
– Мына тұзда зағтар (дәмдеуіш шөп) болғанда жақсырақ болар еді, – деп қалды. Салман (р.а.) шығып кетіп, дәрет құманын кепілдікке қалдырып, зағтар шөбін алып келді. Жеп болғаннан кейін досым:
– Берген ризығына қанағат еттірген Аллаға шүкір! – деді. Сонда Салман (р.а.):
– Егер сен берілген ризыққа қанағат еткеніңде, менің құманым кепілдікте қалмас еді, – деді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ