2021 жылғы 19-20 Ақтөбе облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.
РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар – К.Тышхан, Т.Кожахметова, М.Калманов, Н.Жаншин. тартылды.
РАТТ мүшелері Хромтау қаласының дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлерімен., Хромтау қаласының № 7 мектеп-гимназиясының басшыларымен., Дөң ауылы және Көктау ауданы тұрғындарымен., Хромтау аудандық кітапханасының қызметкерлерімен., Түзету мекемесінен босап шыққан азаматтармен кездесу., Сондай-ақ РАТТ мүшелері Ақтөбе теміржол вокзалының қызметкерлерімен және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 450-ге жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарына сай қадағаланып жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Бұл жобаның мақсаты діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау болып табылады.
Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.