1990 жылғы 25 қазан. Бұл күн еліміздің мемлекеттілігінің қалыптасуындағы кезекті қадам ретінде саналады. Осы күні Қазақстанның (ол уақытта Қазақ КСР-і) Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.
Ол құжатта республика аумағының тұтастығы, бөлінбейтіні және қол сұғылмайтыны, қазақ халқының және Қазақстандағы өзге де этностардың мәдениеті мен дәстүрін және тілдерін қайта жаңғырту мен дамыту туралы қағидалар көрініс тапты.