Ресейдің Астрахань облысы, Нариманов ауданындағы Разночиновка ауылында жаңа мешіт және мәдениет үйі ашылды. Айта кетсек, бұл елді мекенде 2000 адам тұрса, оның 30 пайыздан астамы – қазақтар.
Жаңа мәдениет үйі “Мәдениет” ұлттық жобасы аясында салынған. Ал мешітті ауыл тұрғындары, фермерлер және мұсылман діни ұйымдары өз қаражатына тұрғызған.
Ашылу салтанатына қатысқан Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин “Бұл мешіт рухани тәрбие мен ағарту орталығы болатынына сенімдімін. Бұл жерде исламның ақиқат құндылықтары дәріптеліп, жастарды біздің ұлы мәдениетімізге баулитын болады деп үміттенемін” деді.