Ресей Федерациясының Ростов қаласында жергілікті шенеуніктер жәми мешіт ғимаратын джаз мектебіне айналдырған.
РФ мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдинов Ростов билігінің бұл шешімін мұсылмандарды қорлау және әділетсіздік деп атады.
Мухетдинов өзінің Фейсбуктегі парақшасында мұсылмандар бұл музыкалық бағытты бағалайтынын және джазға қарсы емес екенін атап өтті. Ол кеңестік түсінікте қалып қойған жергілікті шенеуніктерді айыптады.
“Соңғы ширек ғасырда үлкен қалада “Қол созым жердегі 380 храм” бағдарламасы бойынша 100-ге жуық шіркеу салынғанымен, бірде-бір мешітке орын берілмегені өкінішті”, – деп жазды ол.
Діни қайраткер мешіттердің жетіспеушілігі мәселесі бүкіл Ресейде өткір тұрғанын еске салып, мешіт имамдарын алдағы жұма уағыздарын осы тақырыпқағ яғни діни инфрақұрылымның жетіспеушілігі, Ресейдің бірқатар субъектілеріндегі жергілікті билік мұсылмандардың заңды құқықтарын жүзеге асыруға қарсы тұрып жатқанына арнауға шақырды.
“Шындықтың көзіне тура қарап айтар болсақ, Ростов билігінің бұл қадамы кеңес заманындағы Құдайға қарсы саясаттың жалғасы”, – деді Мухетдинов.