Сұрақ: Біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қандай мұғжизалар көрсеткен?
Жауап: Олар мыналар:
1) Кәпірлерді сендіру үшін дұға етіп, саусақтарымен нұсқап айды екіге бөлді. Оның бір бөлігі таудың бір жағынан, екінші бөлігі таудың екінші жағынан көрінеді.
2) Мұхаммед (с.ғ.с.) Әбу Бәкір Сыддықпен (р.а.) бірге Меккеден көшіп Мәдинаға барғанда Әбу Аюб әл-Ансаридің (р.а.) үйіне түседі, сонда Әбу Аюб екеуіне ғана жеткілікті ас әзірлейді. Ас дайын болған соң, Мұхаммед (с.ғ.с.) оған Мәдина қаласының ұлы адамдарын мәжіліске шақыртады. 180-ге тарта адам келіп, бәрі тамақтанады. Сонда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұғжизасымен ас мүлдем азаймайды. Бұны көргендердің бәрі Ислам дінін қабылдайды.
3) Худайбия даласында болған соғыста сахабалар қатты шөлдейді. Мұхаммед (с.ғ.с.) суы құрыған бір құдықтан су шығарады. Құдық суға толып, барша сахабалардың және жануардардың шөлін қандырады.
4) Бірде сахабалар далада қатты шөлдейді. Олар Расулдың (с.ғ.с.) қолына түбінде аздаған суы бар бір кесені береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) ол кесеге өз саусақтарын салғанда, кесе суға толады. 70-80 адам сол судан ішіп, шөлдерін қандырады және бәрі сол кеседен өз ыдыстарына су құйып алады, ал су болса таусылмайды.
5) Бірде Алланың елшісі (с.ғ.с.) 300-ге жуық адамды жиналысқа шақырғанда, бір кісі ортаға бір табақ құрма әкеледі, сол құрма Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұғжизасымен әлгі үш жүз адамға тойғанша жеткілікті болады және еш азаймайды.
6) Бір жолы дұшпандары Нәбиге (с.ғ.с.) жегізу үшін алдына улы ет қояды, сонда әлгі ет: «Мені жемеңіз, мен улымын», – деп тіл қатады.
7) Бір қасқыр, бір киік және бір түйе Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұғжизасымен тілге келіп сөйлеген екен.
8) Бір кісі Нәбиге (с.ғ.с.) пайғамбарлығыңызға дәлеліңіз бар ма деп сұрағанда, сол маңда өсіп тұрған бір ағаш тамырымен бірге қозғалып, Алла елшісінің (с.ғ.с.) қасына келіп, кәлимали шәһәдәт айтып, қайтадан орнына барып тұрады.
9) Хандакта соғыс болған уақытта бір жапырақ нанға берекет беріп, сол нанды мың кісі жеп тойған екен.
10) Хунәйна соғысында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қолына бір уыс топырақ алып жауларына қарай шашып жібереді, сонда олардың бәрінің көздеріне құм құйылып көрмей қалады.
11) Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолындағы тасқа жан бітіп: «Субханалла», – деп тіл қатады.
12) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аталары мен ағалары үшін дұға қылғанда, үйінің қабырғаларынан «Әмин» деген дауыс естіледі.
13) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алғашқыда жұма құтпасын бір құрма ағашына сүйеніп тұрып айтады екен. Кейін биігірек болсын деп екі баспалдақты мінбер жасатты. Бір жұмада сол мінберге шығып құтпа оқып тұрғанда, әлгі құрма ағашының жылаған дауысы естіледі.
14) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең ұлы мұғжизасы – Құран, ол сондай бір қайталанбайтын кітап және онда адам перзенттеріне осы дүниеде және ақыретте бақытқа бөлену үшін қажет үкімдер жазылған. Сол себепті де Құран Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздері болуы мүмкін емес. Ол, әлбетте, құдіреті шексіз Алла тарапынан келген сөздер, ал сол қасиетті аяттардың түсуі үлкен мұғжиза.
Ахмад Һади Мақсудидің “Ислам ғибадаты” кітабынан