ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі, коуч Арман Қуанышбаев Ақтау қаласына іссапар барысында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешінде жамағатпен кездесіп, «Ер азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында уағыз айтты.
Кездесу аясында Арман ұстаз жамағатқа ер азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігінің маңыздылығын түсіндіріп, ер азамат отбасының негізгі жауаптысы әрі тәрбиешісі екендігін, кез келген жағдайда сабырлық танытып отбасын тәрбиелеуі ер адамға да артылған міндет екенін айтып өтті.
Айта кетсек, аталған кездесуге 1000-нан астам жамағат қатысты. Кездесу соңында РАНТ мүшесі жамағат тарапынан қойылған сұрақтаға тұшымды жауап беріп, ой бөлісті.