Сұрақ: Құранның адамдар үшін шипа екені рас па?
Жауап: Құранның адамдар үшін шипа екені шындық. Құдіреті күшті Алла Тағала Құран Кәрімде осы Құранның адамдар үшін шипа екендігін нақтылап айтқан:
«Егер ауырсам Ол (Раббым) маған шипа береді» (Шұғара: 80).
«Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректегі дертіңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау – (Құран) келді» (Жүніс: 57).
Ислам тарихында Құранның кейбір бөлігі ғана емес, барлығы тұтастай шипа екеніне куә болатын оқиғалар жеткілікті. Мұндай риуаяттардан соң адам расында да бүкіл Құран Кәрім – шипа деген тұрақты шешімге келеді. Мысалы: Алла тағаланың Әбу Ауф әл-Ашжағи есімді тақуа құлдарының бірі науқастанып қалады. Адамдар одан: «Сені емдейік пе?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ауф әл-Ашжағи: «Маған су алып келіңдер. Расында Алла:
«Аспаннан берекетті жауын жаудырдық» – деп айтқан дейді (Қаф: 9).
Қасындағылар су алып келеді. Мұнан соң:
–Енді маған әсел алып келіңдер. Алла тағала:
«Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар» – деп айтқан дейді (Нахыл: 69). Адамдар барып әсел алып келеді. Әбу Ауф әл-Ашжағи:
–Енді маған зәйтүн майын беріңдер. Бұл хақында Алла тағала Құранда:
«(Шырақ) – шығыста батыста болмаған берекетті зәйтүн майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр.» – деп айтқан дейді (Нұр: 35).
Айтылған осы нәрселердің барлығы Әбу Ауф әл-Ашжағидың жанына қойылады. Ол бұлардың барлығын бір ыдысқа араластырып, кейін Алланың шипасы болсын деп ішеді. Осылай Әбу Ауф әл-Ашжағи дертінен айққан екен.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,
дінтанушы
Алла Ұлық! Оқыған құранымыз дүние-ақіретімізге пайдалы, дертімізге шипа болсын!