Сұрақ: «Құранды махаббатпен оқыған кісі жәннатқа кіреді» деп айтады, сол рас па?
Жауап: Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір сахабаны көреді. Ол үнемі бір немесе екі рәкат намазында «Фатиха» сүресінен кейін «Ықласты» оқиды екен. Алланың елшісі (с.ғ.с.) одан:
– Мен сенің әр бір рәкатта «Фатихадан» кейін «Ықылас» сүресін оқуға қатты көңіл бөлетініңді байқадым. Мұның себебі не? – деп сұрайды.
Әлгі сахаба:
– Себебі мен оны жақсы көремін ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! – деп жауап береді.
Алланың елшісі (с.ғ.с.):
– Сенің оған деген махаббатың сені жәннатқа кіргізеді – дейді.
Сонымен қатар Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Кім «Ықылас» сүресін түнде он рет оқыса, Алла оған жәннаттан сарай көтереді», – деп айтқан хабары бар.
Бұл тақырыпқа қатысты Әмр ибн Ас (р.а.) былай деген екен:
«Құранның әрбір аяты, жәннаттың дәрежелері әрі сендердің үйлеріңдегі шам шырақ».
Жалғас Садуахасұлы