Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланың сөзі болған қасиетті Құран Кәрімде, тылсым жаратылыс пен адамның ақылы ере алмайтын кейбір жаратылыстар жайлы сөз қозғайды. Міне, сол жаратылыстардың бірі – Жұлдыз.
Жұлдыздар жайлы Құран Кәрімде 18 аятта айтылып, бірнеше тақырыпты қамтыған. Жолдарыңнан адасар болсаңдар сіздерге жол көрсетуші,[1] түс жорамалы,[2] әдемілік[3] және ібілістерді қуу мақсатында қолданылғаны туралы тақырыптарды қамтыған. Біз «Мүлік» сүресінің 5-аятында айтылған ібілістерді қуу мақсатында қолданғаны туралы төменде сөз қозғамақпыз.
Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүлік» сүресінің 5-аятында Алла Тағала: «Біз ең бергі аспанды (жарқыраған жұлдыздары) шырақтармен безендірдік әрі бұларды (періштелердің хабарын ұрлауға келген) ібілістерді ату үшін жасадық және оларға (ібіліске) тозақ азабын дайындап қойдық» деп бұйырған.
Аққан жұлдыз, метеорит (Şihab):
Бұл аятта, Алла Тағала жындар мен ібілістерге атылған зымырандар мағынасында атылған жұлдыздар және метеориттерге қатысты «Ружу – мән Ли ш-Шайатин» сөзін қолданған.
«Хижри» сүресінің 18-аяты, «Саффат» сүресінің 10-аяты және «Жын» сүресінің 8-9 аяттарында «шихаб» және «шухуб» деген сөздерді қолданған. Айта кету керек, Шихаб немесе Шухуф қазақ тілінде аққан жұлдыз және түскен метеорит деген мағына береді.
Біз ғарышта болып жатқан кейбір оқиғаларды обсерваториялардағы бақылаулар арқылы анықтап, астрофизика тұрғысынан бағалай аламыз. Алайда, біз бұл оқиғалардың түпкі сырын біле алмаймыз. Өйткені біз бұл туралы тек эксперимент пен байқау негізделгенін ғана біле аламыз. Күмәнсіз, әр оқиғаға жауапты періштелер бұл істі алдын-ала жоспарлы түрде ұйымдастырады.
Біз метеориттерге ерекше көңіл бөлеміз. Бірақ күн жүйесі мен оған жақын жүйелерді ғана білеміз, яғни олардың көпшілігі есептелген орбиталарда әрекет етеді. Алайда, басқа жүйелер белгісіз және ұқсас оқиғалар көп орын алады. Алла Тағала бұл метеориттер туралы тиісті аятта мәлімет беріп, себептерінің бірін ғана атап өткен.
Мәлім болғанындай, жындар кәпірлер мен мұсылмандар және ібілістер оттан (жарықтан) жаратылған. Бұлардың аспанға көтерілу мүмкіндігі де бар. Сандары белгісіз періштелер, Құдайдың бұйрығы бойынша әмірі мен бұйрықтарын орындау мақсатында үнемі байланыста болады. Кәпір болған жындар мен ібілістер, осы жұмбақ әлемде пайда болатын жаңалықтарды тыңдауға барады. Алайда, оларға бұны тыңдауға Алла тарапынан тыйым салынған. Олар көкке көтеріле бастағанда, оларға қарай «шихаб» деп аталатын метеориттер зымырандар немесе ядролық оқтұмсықтар ұшырылады. Осылайша олар кері қайтуға мәжбүр болып, тыңдай алмай кері қайтады.
Оқиғаның ішкі бөлігі астрофизика тұрғысынан белгілі болмаса да, ғаламның мінсіз жұмыс істейтін тәртібіне қарап, оған сену керек. Метеориттердің өзіндік сәулелері болмайды. Гравитациялық өріске кіретіндер атмосферадағы үйкеліске байланысты қызады; кейбіреулері шаңға, ал кейбіреулері жерге құлау да әбден мүмкін.
Бұл тақырыпқа қатысты астрофизика (астрономияға қатысты физика ғылымы), астрономия мен астрономиялық қашықтық, ғаламның мөлшерінің шектеусіз болғаны айтады. Бұған қарап, Құдайдың шексіздігінің теңдессіз болғанын түсіну қиын болмаса керек.
Тек Құс жолы (Млечный путь) деп аталатын галактиканы қарасаңыз, оны кемінде жүз миллион жұлдыз құрайтынын көресіз. Күн – бұл жұлдыздардың бірі ғана. Ғарышта осы галактикадан басқа көптеген галактикалар бар екені сөзсіз. Олардың кейбіреулері бізден алыс болғаны соншалықты, сәулесінің өзі бізге жүздеген миллион жылдан кейін жетеді. Бұл да ғаламның шексіз үлкен екендігінің тағы бір дәлелі.
Астрономиялық есептеулер бойынша, ең жарық жұлдыз Сириус. Ол біздің әлемнен сегіз жарық жыл, яғни 75,684,400,000,000 км. ұзақтықта. Бүгінгі таңда жұлдыздар туралы ақпарат алудың төрт негізгі әдісі бар. Спектральды талдау, доппер эффектісі, фотометр және фото.
Қорытындылай келе, бұл аят шеңберінде адамдар көптеген зерттеулер жасап, ғылымды дамытып, сондай-ақ қажетті деген әдістер жүргізу арқылы адам ақыл-ойын қолдану керектігі айтылады.
[1] «Әнғам» сүресі 97 аят.
[2]«Юсуф» сүресі 4 аят.
[3] «Саффат» сүресі 6 аят.
Исатай Бердалиев