Сұрақ: Құран Кәрімде адамның өмірі мен денсаулығына қатысты қандай аяттар бар?
Жауап: Құран Кәрімнің негізгі тақырыптарының бірі адам болғандықтан, расында да қасиетті кітабымызда адамның өмірі мен денсаулығы туралы көптеген аяттар бар. Құран Кәрімдегі бұл аяттардың бір бөлігі адамның физикалық болмысын қуаттандыруға қатысты айтылса, келесі бір бөлігі белгілі-бір дерттерден емделуге қатысты, сондай-ақ адам өмірін сақтау және адам өміріне зиян келген жағдайда, оған берілетін жазалар турасында айтылған.
Асылында, Құран Кәрімнің көптеген аяттарын тәпсір кітаптары арқылы ғана толық түсінуге болады. Әсіресе, қиссаларды (пайғамбарлар туралы оқиғалар) баяндайтын аяттарды муфассирлердің көзқарасы мен тұжырымынсыз түсініп білу мүмкін емес.
Сол секілді адам өмірі мен денсаулығына қатысты аяттарды да тәпсір кітаптары арқылы толыққанды түсіне аламыз. Десе де, Құран Кәрімдегі адам өмірі мен денсаулығына қатысты маңызды деген аяттарды қысқартып көрсетер болсақ:
-
Алланың шипа беретіндігі (Шұғара, 80);
-
Жүктілік пен бедеулік (Һуд, 72; Мәрием, 9; Талақ, 4);
-
Етеккір кезінде жұбайға жақындамау (Бақара, 222);
-
Сәбиді емізу (Бақара, 233; Қасас, 12);
-
Әйел адам қартайса да жүктіліктің болатындығы (Зарият, 29);
-
Адам анатомиясы мен физиологиясының артықшылығы (Араф, 69; Фатыр, 1);
-
Құнарлы азықтанудың маңыздылығы (Нахл, 66);
-
Мәйітті жерлеу арқылы дерттен сақтану (Ғабаса, 21; Мәйдә, 31);
-
Адамды өлтіруге тиым салу (Исра, 33);
-
Адам өлтіруді тоқтату үшін қысас жазасын беру (Бақара, 178);
-
Қыз балаларды тірідей жерге көмуді тоқтату (Тәкуир, 8-9);
-
Аштықтан (кедейлік) қорқып баланы өлтіруді тию (Әнғам, 151; Исра, 31);
-
Өз-өзіне қол салуға тыйым салу (Ниса, 29).
-
Күйгелектікке салынбау (Юсуф, 85);
-
Науқас адамның ғибадаттағы үзірлі болуы (Бақара, 184);
-
Сырқат кездегі жеңілдік (тәйаммум) (Ниса, 43);
-
Сырқат кезде қару-жарақты қолға алмау (Ниса, 102);
-
Сырқат кезде соғысқа қатыспауға болады (Тәубе, 91);
-
Науқас адамның тамақ бермеуі күнә емес (Нұр, 61);
-
Жүректің сырқаттануы (Бақара, 10, Хаж, 53).
Мұхан ИCАХАН
Керемет Міндетті түрде осы аяттарды пайдаланып көремін. Көп рахмеет.