Баршаға мәлім қасиетті Құран араб тілінде түскен. Жалпы, араб тілінде 28 әріп бар. Ол жер бетінде көне семит тілдердің қатарына жатады. Әріптердің тәртібі Құран түскен уақытта бір жүйеге рет-ретімен арнайы алфавит болып қойылмаған болатын.
Бұл жүйе Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар дүниеден өткеннен кейін шамамен һижра жылы бойынша 80-90 жылдары қолға алынған. Сол уақытта араб тіліндегі әріптер 1-ден 28-ге дейін «әлиф» әрпінен «йай» әрпіне дейін арнайы реттік санмен белгіленді және бұл реттік жүйе «һижай» – «هجاء» деп аталды.
(төменгі суретте әріптер реттік сан бойынша көрсетілген)
Осындай реттік сан жүйесі және әріптер өз кезегінде Құран аяттарының байланысын, тілдік мұғжизаларын және т.б. кереметтерді анықтауға көмек теседі. Айталық, біздің мысалда «Шура» мен «Қаф» сүресі және «ق» – «қаф» әріпін алайық. Мәселен, араб тіліндегі «қаф» әріпі «Шура» сүресінің алғашқы: «حم ﴿١﴾ عسق», муқаттаға (Құранда кейбір сүрелер әріптермен басталады. Бұл әріптер алфавиттегі негізгі атауларымен оқылады. Осы әріптер муқатта‘а әріптері деп аталады.
Құранда 29 сүре мұқаттаға әріптерімен басталған. Мұқаттаға әріптері барлығы 14 әріп. Олар: әлиф, хә, ра, син, сад, та, айн, қаф, кәф, ләм, мим, нун, һә, иә) аятында бір рет кездеседі. Сонымен қатар бұл әріп «Қаф» сүресінің алғашқы: «ق» аятында да ескерілген. Бір қызығы «қаф» әріпі муқаттаға аятымен басталатын барлық сүрелердің ішінде осы екі ғана сүреде кездеседі.
Сондай-ақ, «қаф» әріпі «Шура» сүресінде 57 рет ескерілген. Сәйкесінше, аталмыш әріп «Қаф» сүресінде де 57 рет кездеседі. Бұдан шығатын нәтиже 57+57=114 болады. Бұл өз кезегінде Құран Кәрімдегі сүрелердің жалпы саны.
Бұған қоса «Шура» сүресінің алғашқы 7-ші аятына қарайтын болсақ «قُرْآنًا » – «Құранән» сөзі сүренің алғашқы аятынан бастап реттік сан бойынша 57-ші сөз болып ескерілген (төменгі суретте көрсетілген).
Бір қызығы аталмыш сүренің 51-ші аятындағы «وَحْيًا» – «уахиан» сөзі сүренің соңынан бастап санағанда реттік сан бойынша 57-ші сөз болып келген (төменгі суретте көрсетілген).
Бұдан шығатын нәтиже 57+57=114 болады. Бұл да болса Құран Кәрімдегі сүрелердің жалпы саны. Ал, жоғарыдағы екі «قُرْآنًا » – «Құранән» мен «وَحْيًا» – «уахиан» сөзін қосар болсақ «Құран уахи арқылы түсті» деген мағына шығады. Сәйкесінше, ондағы түскен барлық сүрелердің саны – 114.
Сонымен қатар «Шура» сүресінің алғашқы «حم ﴿١﴾ عسق» – «Ха, мим, айн, син, қаф» деген муқаттаға әріптерін Һижай жүйесі бойынша сөздегі әріптердің реттік сандарын кестеге салып есептеп көрелік:
№ |
Әріптер | Реттік саны |
Сандардың қосындысы |
1 |
ح | 6 |
6+24+18+12+21=81 |
2 |
م |
24 |
|
3 |
ع |
18 |
|
4 |
س |
12 |
|
5 | ق |
21 |
Дәл осы 5 әріпті яғни, «ح», «م», «ع», «س», «ق» Құрандағы барлық муқаттаға аяттарының арасында төмендегідей рет кездеседі:
№ |
Әріптер |
Реттік саны |
Сандардың қосындысы |
1 |
ح | 7 |
7+17+2+5+2=33 |
2 |
م |
17 |
|
3 |
ع |
2 |
|
4 |
س |
5 |
|
5 |
ق |
2 |
Ендеше осы екі кестедегі шыққан қорытынды санды бір біріне қосар болсақ яғни, 81+33=114 саны шығады. Бұл да болса Құран Кәрімдегі сүрелердің жалпы саны. Мұндай сәйкестік кездейсоқ болуы мүмкін бе?
Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы