Сөздікте «бір нәрсенің ішіндегісін қабылдау, оны төңкеру, айналдыру, басқа бір нәрсені өзгерту» дегенді білдіретін жүрек сөзі – денедегі қан айналымын қамтамасыз ететін органның атауы.[1] Жүрек – діни және тасаууф тұрғысынан, білім мен ойдың қайнар көзі. Бір ет бөлігінен тұратын жүрекке «Раббаний латиф» және «Илаһи жәуһар» деп те атайды.
Қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде «фуад», «садр», «луб», «нуха» және «ру» сияқты терминдер, әдетте жүректің мағынасында қолданылады. Кейбір ислам ғұламаларының пікірінше, фуад – жүректің синонимі; кейбіреулер үшін ерекше бір жүрек деп тұжырымдама жасаған. Әйгілі аудармашы Асым Фуадтың пікірінше, қалб – (жүрек) көңіл, фуад – ол жүрек деген.[2] Өйткені, Құран Кәрімде жүрекке (фуад) қатысты алдыңғы келген пайғамбарлар туралы айтылғанда, «Берік болыңдар» деген мағынада айтылған.[3] Сонымен қатар фуад сөзі көз және құлақ сияқты жауапкершілікке қатысты аяттарда жүрек мағынасында айтылған.[4] Садр «Кеуде/омырау» мағынасында, «Алла кеудедегі нәрсені біледі»[5] және «Алла бір адамның мұсылман болуын қаласа, оның кеудесін Исламға ашады»[6] мағынасындағы аяттар ауыспалы мағынада қолданылған. «Улу л-әлбаб»[7] және «Улу н-Нуһа»[8] сөздері жүрек иелеріне қарата айтылған.[9]
Сонымен қатар, ойлану сөзін жүрекке де қатысты баяндалған.[10] Яғни пенде жүрегімен де ойлай алатынын және жүректің ойлау қабілеті бар екенін білдірген. Сол сияқты фиқһ (түсіну) – жүректің қызметі екендігі көрсетілген.[11]
Құран мен хадистерде оның көлемі, түрі мен сипаттамасына емес, жүректің функциялары мен қасиеттеріне баса назар аударылған. Құран мен хадистегі жүрек сөзі адамның түсіну, пайымдау, ойлау және заттардың ақиқатын білу аспектілерін білдіреді, басқаша айтқанда адамды адам етіп, оларды басқа тіршілік иелерінен ерекшелендіретін оның негізгі қасиеті. Адам білетін және түсінетін болғандықтан, жүрек Құдайдың сөзіне жауап беруге бағытталған, руханиятымызға жауапты әрі міндетті орындаушы ағза. Дін және адам өмірінің мәні жүрек екендігі Құран мен хадистерде нақты айтылған. «Олардың жүректері бар, бірақ олар ештеңені түсінбейді»[12], «Ойлау үшін олардың жүрегі жоқ па?»[13], «Жүрегі бар адамдарға кеңес бар»[14] мағынасындағы аяттар жүректің түсіну, білім және ойлау құралы екенін көрсетеді.
Исламдағы жүректің маңыздылығы – бұл Аллаға сенім мен теріске шығаратын ағза ретінде қабылдаған. Барлық ислам ғұламалары иманның басты шарты, шын жүрекпен бекіту деген пікір білдірген.[15] Сенім сияқты, қабылдамау да жүректің әрекеті болып саналады. Исламда уахидің түскен орны жүрек. Жәбірейіл Құран Кәрімді Хз. Пайғамбардың (c.ғ.с) жүрегіне орналастырған.[16] Алла Елшісінің көрген түстері мен шабыттары жүрекке байланысты. Сопылардың үлкен мән беретін ашылу мен ашудың қайнар көзі де жүрек.
Ғазали жүрегі, жаны, ақыл-ойы әртүрлі мағынаға ие. Сонымен бірге, бұл терминдер бірлесіп, «Раббаний латифі» деген ұғымды білдіреді, бұл адамның ақиқаты, философтардың «нафс-и-натька» деп айтқанын айтқаннан кейін, ол өзінің қасиеттерін «білетін, таныған, анықтаған, жауап берілген және міндетті» деп анықтама берген. Сонымен қатар Ғазалидің пікірінше, раббани л-Латиф – адамның басқа тірі тіршілік иелерінен ерекшелейтін және дәрежесін жоғарылататын кейде ақыл, кейде рух, ал кейде жүрек. Оған берілген есімдер әртүрлі болғанымен, табиғаты өзгермейді[17] деп қорытындылаған.
Әбу л-Хусейн ән-Нури «Маақамату л-Қулуб» атты еңбегінде жүрек, лүб, садр және фуад деген сөздерді зерттеген. Ал, Әбу Саад әл-Харраз болса, «Китабу Ш-Шидқ» деп аталатын кітабында «Қалб» терминіне көңіл аударып, кең көлемде мағлұмат берген. Кейінірек Хаким әт-Тирмизи «Китабул-Фарқ бейнә ш-шәдир уә л-Қулуб уә л-Фуаад уа л-Луб» атты еңбек жазған. Бірдей мағынасы бар бұл сөздерің арасындағы айырмашылықтарына тоқталып, жеке-жеке түсініктеме берген бұл кітап 1954 жылы Каир қаласында жарық көрген.
Исатай Бердалиев
[1] Жәуһари, Әш-Шихаб, Бейрут 1979, I том, 204 бет.
[2] Фирузиддин (ö. 817/1415), Қамус, I том, 445 бет.
[3] «Худ» сүресі, 120-аят
[4] «Исра» сүресі, 36-аят
[5] «Әл-Имар» сүресі, 119, 154 аяттар
[6] «Әнғам» сүресі, 125-аят және «Зумар» сүресі, 22-аят
[7] «Әл-Имран» сүресі, 7-аят және 190-аят
[8] «Таха» сүресі, 54-аят және 128-аят
[9] Әбу л-Қасым, Хусайын б. Мухаммад б. Әл-Муфаддал әр-Рагиб әл-Исфахани, «Луб», «Нуһа» , «Шадр», «Фуаад» бабтары.
[10] «Хадж» сүресі, 46-аят
[11] «Ағраф» сүресі, 179-аят
[12] «Ағраф» сүресі, 179-аят
[13] «Хадж» сүресі, 46 аят
[14] «Каф» сүресі, 37-аят
[15] Фахраддин әр-Рази, әл-Мухашшал, бет 174.
[16] «Бақара» сүресі, 97-аят және «Шуғара» сүресі, 193-194 аяттар
[17] Ғазали (ө. 505/1111), Ихия, III том, 3-5 беттер.