Адам баласы ғасырлар бойы көкте самғаған құстарға қарап, ұшуды армандаған. Бұл арман мұсылмандар арасында ұшуға әрекет етілсе де, 1899 жылы неміс ұлтынан шыққан ағайынды Wilbur Wright және Orville Wright моторлы ұшақ ойлап тапқан еді. Технологияның дамуымен сол кезден бүгінгі күнге дейін көкте самғаған «құстарға» қарап көптеген ұшақ түрлері дамып, шығарылып жатыр. Адамдар үшін ұшуға деген шабытын ашқан құстардың жаратылыстағы сырлары мен Аллаға ғибадаты жайында Құран Кәрімде не айтылған? Соған тоқталып өтсек…
Қасиетті Құран Кәрімде көкте самғаған құстардың күнделікті зікірлері мен дұғалары туралы айтылады. Бұл жайында:
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُسَبِّحُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالطَّيْرُ صَافَّاتٍ كُلٌّ قَدْ عَلِمَ صَلَاتَهُ وَتَسْبِيحَهُ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ
«Жер мен Көктердің және қанат қаға ұшқан құстардың Аллаға тасбих (зікір) айтқанын білмеймісің?(Алла) Олардың барлығының дұғасы мен еске алғанын біледі. Алла олардың не істегенін де толық біледі».[1]
اَوَّابٌ لَـهُ كُلٌّ مَحْشُورَةً الطَّيْرَوَ
«(Дәуіт) Оған топ-тобымен құстарды да бағындырдық. Олардың барлығы Аллаға тәубе етушілерден»[2]
وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُودَ الْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَالطَّيْرَ
«Таулар мен Құстарды Дәуіттпен бірге тәсбих айтуға бағындырдық»[3]
Алланың елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бұл жайында: «Алланың ең жақсы көретін намазы Дәуіттің намазы – ең жақсы көретін оразасы – Дәуіттің оразасы. Кешкісін кеш жатады, үштен бірінде тұрады, алтыда бірінде тағы да ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстаса, екінші күні ұстамайтын»[4], «Қоразға қарғыс айтпаңдар, ол намаз (уақытын) ескертеді»[5].
Құстардың ғибадатының уақыты, мұсылмандардың ғибадат уақытымен бірдей болғанын байқаймыз. Дәуіт Пайғамбардың намаз уақыты, мұсылмандардың намаз уақытымен бірдей болып-болмағаны жайында дерек жоқ.
Дейтұрғанмен, барлық Пайғамбарларға бес уақыт намаздың парыз болғанын ескере отырып, барлық құстардың да бес уақыт намазда екенін айта аламыз. Алайда, құстардың ғибадаты тек дауыс шығарумен ғана шектеледі. Дауыстан басқалай зікірлері туралы дереккөздерінде айтылмаған және бұл жайында зерттеулер жоқ. Жалпылай алғанымызда қораздың құстардың «азаншы» деуге негіз бар. Өйткені күнделікті өмірімізде де көріп жүрміз.
Құстардың оның ішінде қораз, намаз уақыты жақындаған сәтте өзіне тән дауыс шығаратынын ауылды жерлерде тұрған азаматтар біледі. Бұл жайында нақты айтар болсақ, таң сәресінің кірген және күннің шығуына 15-25 минут қалғанда және күн батқанда қораз шақырады.
Жануар ретінде саналған қораздың өзі Жаратушы жалғыз Алла Тағалаға өз тілінде зікір етіп әрі мойынсұнса, ал ақылы көп деп мақтанатын ғажайып жаратылыс иесі – адам, қаншалықты Алла Тағалаға құлшылық етіп жүр?..
Исатай Бердалиев
[1] «Нұр» сүресі, 41 аят
[2] «Сад» сүресі, 19 аят
[3] «Әнбия» сүресі, 79 аят.
[4] Бұхари «Тәһажут» 7 хадис.
[5] Әбу Даут, «Әдеп», 114 (5102) хадис.