Имам Ғазалидің айтуынша, ақыл – көзге ұқсас құрылғы. Оны көру үшін «Тевфик-и Илахи» деп аталатын ғылыммен өмір сүру және оған «Уахи-и Илахи» атты күн сәулесімен медитация Алла тарапынан берілген болуы керек. Алла Тағаланың адамға берген ең үлкен нығметі әрі адамды басқа жаратылыстардан ерекшелендіретін нәрсеcі – ақыл. Адамның қараңғы өмірін жарықтандыратын ақыл туралы қасиетті Құран Кәрімнің 20-дан астам аятында кездеседі. Олар:
Егер оларға: «Иман келтірген адамдар сияқты сендер де (шын ниетпен) иман келтіріңдер» делінсе, олар: Біз ақылсыздар сияқты иман келтірейік пе? – дейді. Біліп қойыңдар, шындығында олар – өздерін ақылсыз екендерін білмейді.
«Бақара» сүресі, 13-аят
(Мекке мүшріктеріне) «Алла түсірген (Құран Кәрімге) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, біз ата-бабаларымыздан қалған жолға ілесеміз» деді. Егер ата-бабаларың ақылы жоқ болып, тура жолда болмаған болса да ма?»
«Бақара» сүресі, 170-аят
«Егер ақылыңызды қолдана алсаңдар, Ол шығыстың, батыстың да және сол екеуінің арасындағылардың Раббысы» деді Мұса (с.ғ).
«Шұғара» сүресі, 28-аят
Сендер бір-бірлеріңді намазға шақырған сәттеріңде, олар намазды мазақтап келеке етеді. Өйткені, олар ақылын қолдана алмайтын бір қауымдар еді.
«Мәйда» сүресі, 58-аят
Алланың әмірінсіз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Ақылын қолдана алмайтындарға, Алла азап береді.
«Жүніс» сүресі, 100-аят
Алла, түн мен күндізді, ай мен күнді қызметтеріңізге берді, жұлдыздар да Оның әміріне бойұсынған. Мұнда ақылын қолданатын қауым үшін маңызды ғибраттар бар.
«Нахыл» сүресі, 12-аят
Алла Тағала хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады.
«Бақара» сүресі, 269-аят
(Бұл кітап) Ақыл иелері үшін тура жол көрсетуші және насихат.
«Мүмин» сүресі, 54-аят
Алла Тағала түсінулерің (ақыл) үшін сендерге аяттарын осылайша баян етеді.
«Бақара» сүресі, 242-аят
(Уа Мұхаммед оларға) айт: Арамның көптігі сені таңғалдырса да, арам мен адал бірдей емес. Уа, ақыл иелері! Мұратқа жетеміз десеңдер, Алладан қорқыңдар.
«Мәйда» сүресі, 100-аят
Сөзге құлақ салып, сөздің ең көркеміне ілесетіндерді сүйіндір! Міне солар, Алланың тура жолға салғандары. Ал міне солар, нағыз ақыл иелері.
«Зумар» сүресі, 18-аят
Шәксіз, көк пен жердің жаратылысында және күн мен түннің кезекпен алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлелдер бар.
«Әли-Ғимран» сүресі, 190-аят
Құрма ағаштары мен жүзімдіктерден шарап әрі тамаша қоректік заттар жасайсыңдар. Күмәнсіз, мұнда да ақылын қолдана алған қауым үшін ашық дәлелдер бар.
«Нахыл» сүресі, 67-аят
Олар: «Егер біз сөзге құлақ асқан және ақылға салып тыңдаған болсақ, біз тозақтықтар қатарында болмас едік» – деп өкінеді.
«Мүлік» сүресі, 10-аят
Расында, ақылдарыңды қолдансын деп Құранды арабша жібердік.
«Зұхруф» сүресі, 3-аят
Ақылға салар қауым үшін біз бұдан шынында айқын бір ғибрат қалдырдық.
«Ғанкабут» сүресі, 35-аят
(Уа Мұхаммед!) Раббыңнан саған түсірілгенді (Құранды) ақиқат деп көрген біреу, көр сияқты (имансыз) бола ма? Мұны тек ақыл иелері түсінеді.
«Рағыд» сүресі, 19-аят
Исатай Бердалиев