Сұрақ: Құранға құрмет көрсету керек дегенді қалай түсінеміз?
Жауап: Құранда Алла Тағала пенделерге түсірген қасиетті кітабы жайында:
«Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүминдер үшін әрине зор сыйлық бар екенін сүйіншілейді» (Исра: 9) дейді.
Құранға құрмет – көрсету мұсылманның міндеті. Құран аяттарын аяқасты етуге тыйым салынады. Бұлай жасау – күпірлік.
«Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да сөйлемеңдер. Әрине мархаметке ие боласыңдар» (Ағраф: 204).
Белгілі сахабалардың бірі Әбу Сағид әл-Худурий (Алла одан разы болсын) Алланың елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
–Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Түсімде мен «Сод» сүресін оқып отыр екенмін. Қасымда қалам, сия сауыт және тал бар екен деймін. Мен сүредегі сәжде аятына жетіп, оны оқығанымда әлгі қалам, сия сауыт және ағаштың барлығы да сәжде жасады – дейді.
Алланың елшісі (с.ғ.с.):
–Ағаш, қалам және сия сауыт сәжде жасаған уақытта, тек сен сәжде қылмадың ба ей, Әбу Сағид!? – деп оған Құранға құрмет қылу керектігін айтады.
Жалғас Садуахасұлы