Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысып, үлестірді.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүгедектігі бар тіркеуде тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25500 теңгені құрайды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!
Айта кетсек, қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.