Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.
Салтанатты жиынға өңірдің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы бастаған қала және облыс имамдары қатысты.
Бұл еңбекте Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылған. Кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінезді қалыптастыру жөнінде баяндалған.
«Ихсан» – адамзатты тура жолға бастайтын, жат ағымға ілесуден сақтайтын ілім. Сондай-ақ, ізгілік пен адалдықты насихаттап, әрбір істі ынта-жігермен атқаруға баулиды. Сондықтан бұл кітаптың оқырман қауымға берері мол» деді бас имам Кенжетай Байкемелұлы.