ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше, яғни 11 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары болған еді. Бүгінгі матрица Атырау облысының «қызыл» аймақтан шығып, оған Қостанай облысының енгенін көрсетіп тұр.
Ал «сары» аймақта Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.
Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 110
Шымкент қаласы – 8
Ақмола облысы – 60
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 75
Атырау облысы – 74
Шығыс Қазақстан облысы – 27
Жамбыл облысы – 17
Батыс Қазақстан облысы – 47
Қарағанды облысы – 41
Қостанай облысы – 62
Қызылорда облысы – 6
Павлодар облысы – 23
Солтүстік Қазақстан облысы – 52
Түркістан облысы – 20
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 163711.
Өткен тәулікте 761 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 155
Ақмола облысы – 51
Ақтөбе облысы – 19
Алматы облысы – 19
Атырау облысы – 66
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Батыс Қазақстан облысы – 81
Қарағанды облысы – 27
Қостанай облысы – 71
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 23
Павлодар облысы – 143
Түркістан облысы – 6