Сұрақ: Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?
Жауап: Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе жұмыс істейді. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Сарыағаш, Тараз, Павлодар, Орал қалалары мен Ақтөбе, Алматы облыстарында.
Қазіргі таңда елімізде арнайы орта діни білім беретін медресе-коллеждерге 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. 9-сыныптан кейін қабылданғандар үшін – 3 жыл 10 ай. 11-сыныптан кейінгі оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Бітіруші түлектерге 0112000-исламтану мамандығы бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Исламтану мамандығымен ЖОО-ның «Тарих», «Педагогика және психология», «Дінтану», «Исламтану», «Теология» т.б. мамандығын жалғастыруға болады.
Қабылдау емтихандары жаз айларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Емтихан: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан және сұхбаттасу.
Талапкерлерге керек дерек:
Оқу түрі: күндізгі;
Оқу ақысы: тегін;
Астана қаласы бойынша мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36 («Нұр Астана» орталық мешітінің жанында орналасқан)
Икрам АЙТАЕВ