«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ». Таусыз жерде де бұлақ ағады, бірақ таудан аққан тас бұлақтай арыны қатты, суы мөлдір болмайды. Содан да оның жағасындағы құрақ жайқалып өспейді. Әсіресе, қыз баласының өмірге бейімделуі мен тәрбиені бойына сіңіруінде әкенің орны ерек, маңызы зор.