Қымызда 0,5 мен 4,5 пайыз аралығында этил спирті болады. Заңгердің сөзінше, негізі 0,5-тен 1,5-ға дейін жеңіл мастық деп саналады екен.
“Ал 1,5-нан 2,5-ға дейін орта дәреже, ал 2,5-нан 3-ке дейін қатты масаю және 3-тен 5-ке дейін ауыр болып саналады. Қазақстанда әр жол полициясы қызметкерінде алкогольді есептейтін тестер болады. Сол тестерде 0,5-нан асатын болса куәландыру жүргізілуі мүмкін. Ал орта, қатты және ауыр деңгейде ұсталғандар көлік жүргізу құқығынан айырылады. Қымыздың да әсері бар. Сондықтан көлік айдар алдында қымыз ішпеген дұрыс“, – дейді заңгер Думан Көпбаев.
Думан Көпбаевтың сөзінше, спирт дәрі-дәрмектің де құрамында болуы мүмкін.
“Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, мастық деңгейі анықталған жағдайда көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Оған қарсы ештеңе жасай алмаймыз. Мысалы Еуропа елдерінде промиль деңгейі 2-ден жоғары болса көлік жүргізу құқығынан айырылады. Қазақстандық заңда дәрі іштіңіз бе, қымыз іштіңіз бе – маңызды емес, қаныңыздан алкоголь табылса шара қолданылады”, – дейді заңгер.
Тағы бір ескеретін маңызды дүние – жүргізушіні тоқтататын полицейлердің алкотесті Қазақстанда бекітілген болуы керек.
“Ал Қазақстанда бекітілген алкотест саны 10-нан аспайды. Ішімдік мөлшерін есептейтін тест сол тізімде болуы керек. Оны жүргізуші талап ете алады. Алкотест – мастық деңгейін тексерудің бірінші кезеңі ғана. Екінші кезең – полицей жүргізушіні толық куәландыру үшін наркологияға апарады. Яғни қанынан талдау алады. Сол кезде ғана жүргізуші кінәлі ме, жоқ па, спирт деңгейі қаншалық екені анықталады”, – дейді Думан Көпбаев.
С. Сатыбалдина
Қайнар көзі:
Massaget.kz