Елордада мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай ұйымдастырылатын QURBAN-2022 қайырымдылық акциясының жұмыс барысы талқыланды.
Діни басқарманың орталық аппаратында өткен жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, бөлім басшылары және Құрбан айтқа орай құрылған жұмыс тобының жауапты мамандары, мешіт имамдары қатысты.
«Өздеріңізге белгілі, бұған дейінгі екі жылда құрбандық шалуды онлайн форматында да жүзеге асырдық. Былтырғы мейрамдағыдай биыл да құрбандық шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асырылмақ. Айт күндеріндегі қасапханалардың тазалығы, мұқтаждарға ет таратумен қатар мал сойылғаннан кейін оның ішек-қарнын тазалау, бас-сирағын үйітіп, терісін де аяқасты етпей қажетке жаратудың маңызды екенін еске саламыз. Сондай-ақ құрбан шалуға онлайн тапсырыс беру үшін қолға алынған сайт жұмысын жетілдіріп, алдағы күндері іске қосуға тиіспіз» деді Ершат Ағыбайұлы.
Жиын барысында жауапты мамандарға берілген тапсырмалар талқыланып, атқарылған жұмыстар баяндалды.
Менин кызым психикалык ауруга шалдыкты. Неден болганын таба алмады. Жети жыл болды ауырганына оздигинен ешнерсе истей алмайды. Оган карап жумыс истей алмай отырмыз. Екинши группа мугедектик берди. Ауырган кезден кейин жагдайымыз томендеп кетти. Курбан айт кезинде комек береди дегенди естип жазып отырмын. Комек берсениздер алла риза болсын
Сәлеметсіз бе! Жергілікті орталық мешітке барыңыз, құрбандық етін алу үшін сол жерге өтінішіңізді айтсаңыз болады.
Салатамсызба мен көп балалы анамын Астанаға жақында көшіп келдім көмек барма
Сәлеметсіз бе! Ақпаратта көрсетілген сайтқа кіріп, өтініш қалдырыңыз.
Салеметсызбе менин атым Асел астанаға кызымды емдетем деп келгем азыргы уакытта кызым 4 оператсияны бастан кешырды балдарым мен жалдамалы пәтерде күн коремыз киналып оған косып сынлымнын балдарынада карауым керек оның куйеуы жок бызгеде көмек берсеңіз деген едым.