Сұрақ: Құранның бір сүресін ерекше жақсы көрсе бола ма?
Жауап: Құран – қасиетті кітап, мүміндерге тура жол нұсқаушы. Алланың елшісі (с.ғ.с.) Құран турасында: «Құранда сендерден бұрын болғандар мен сендерден кейін келетіндер жайында айтылған. Сол сияқты сендердің араларыңдағы мәселелерге қатысты үкімдер де баяндалған», – деген (Термези).
Құрандағы сүрелердің түсу мекеніне байланысты Меккелік және Мәдинелік болып 14 сүреден тұрады. Сонымен қатар қасиетті кітаптың өзі және оның кез-келген бөлігі де «Құран» деп аталады. Тіпті, одан бір сүре немесе аят оқылса да «Құран оқылды» делінеді. Сондықтан Құранның ішінен бір сүрені ерекше жақсы көрудің зияны жоқ. Бұл сенің жалпы Құранды жақсы көруіңді білідіреді. Бұған қатысты мына риуаятты мысалыға келтірсек болады:
Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір сахабаны көреді. Ол үнемі бір немесе екі рәкат намазында «Фатиха» сүресінен кейін «қуль һуаллаһу ахадті» оқиды екен. Алланың елшісі (с.ғ.с.) одан:
–Мен сенің әр бір рәкатта «Фатихадан» кейін «Ықылас» сүресін оқуға қатты көңіл бөлетініңді байқадым. Мұның себебі не? – деп сұрайды.
Әлгі сахаба:
–Себебі мен оны жақсы көремін ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! – деп жауап береді.
Алланың елшісі (с.ғ.с.):
–Сенің оған деген махаббатың, сені жәннатқа кіргізеді – дейді.
Сонымен қатар Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Кім «Ықылас» сүресін түнде он рет оқыса, Алла оған жәннаттан сарай көтереді», – деп айтқан хабары бар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ