Сұрақ: Құран оқитын кезде «ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» деп бастау парыз ба? «Бисмиллаһир Рахмани-р Рахим» деп бастай берсек болмай ма?
Жауап: Бұл дұғаны қысқаша «истиаза» деп атайды. Ол «(Алланың рақымынан) Қуылған шайтанның жамандығынан сыйынамын!» деген мағынаны білдіреді.
Бұл өмірдегі лағынеттелген шайтанның ең үлкен дұшпаны, жаннаттан қуылуынан себепкер болған адамбаласы екені мәлім. Сондықтан ол қиямет қайымға дейін бар айла-амалын қолдану арқылы адамбаласын азғыруға тырысып бағады. Бұл жолда ешнәрседен аянбайды. Ал әрдайым осындай тұзақ құрып, алдын орағытып жүретін азулы дұшпаны бар мұсылман баласына әрдайым қырағылық танытып, сақ болуы қажет. Қай осал тұсынан ұстайтынын білмегендіктен әрдайым бәрін көріп, біліп тұратын, құдыреті шексіз Аллаға сыйынуы қажет. Құранда адамды қайғы-мұң басқанда, басына түрлі қиындықтар келгенде Алладан пана тілеу керектігіне қатысты көптеген аяттар бар («Мумин» сүресі, 27, «Духан» сүресі, 20, «Бақара» сүресі, 67, «Худ» сүресі, 47, «Мәриям» сүрсесі 18 т.б.).
Өз кезегінде ақ пен қараның аражігін ажыратып, адамды тура жолға бастайтын Алланың сөзін оқытпау үшін лағынет атқан шайтан бар күшін салады. Сондықтан осындай терең құлшылық саналған Құранды оқуға кірісер кезде «ағузу билахи мин аш-шайтанир ражим» деп айту көңілдің Құранға бұрылуына жол ашады. Осы орайда Алла Тағала:
فَإِذَا قَرَأْتَ الْقُرْآنَ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
«Ендеше, Құран оқысаң Алланың рақымы мен құзырынан қуылған шайтанның уәсуәсасынан (сақтай гөр деп) Аллаға сыйынып, пана тіле» («Нахыл» сүресі, 98-аят) деп Пайғамбарымызға әмір ету арқылы өзге мұсылмандарға да осылай дұға жасауды тәлім етуде. Ардақты пайғамбарымыз да осы бұйрыққа сай «истиаза» дұғасын оқығандығына қатысты риуаяттар бар. Кейбір риуаяттарда «أَعُوذُ بِاللهِ السَّمِيعِ الْعَلِيمِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ», «Әғузу биллаһи әс-Сәмиғи әл-Алими минәш шайтани ражим» деп айтқандығына да қатысты деректертер бар (Бухари, Бәдул-халқ, ІІ, Әдәб; Муслим, Бирр, 109, 110, Әбу Дәуіт, Соләт, 18, 119)
Мұсылман ғалымдары осы аяттар мен хадистерге сүйене отырып, Құранда келген бұл бұйрық парыздықты емес, мәндүптікті білдіреді деген. Сондықтан Құран оқыр кезде «истиаза» дұғасын айту сүннет деп шешкен.
Ал бұл дұғаны намазда оқу – мұстахаб. Ханафи мәзһабында қырағаттың алдында бір рет «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» дұғасы оқылады. Кейін әр сүренің басында «Әғузу» дұғасын айту қажет емес, «Бисмиллә» деп оқи беруге болады. (Қуртуби. әл-Жамиу ли ахкам ал-Қуран, 1-т,86-б.).
Алланың рақымы болсын. Жақсы жазылған екен.
Вы хоть соображаете, что при переходе на латиницу теряются некоторые казахские буквы, которые не вписываются в латиницу. Или вам безразлично, что о ваших спецах думают нормальные люди.У казахов есть нехорошая пословица: Қуанып білметін бас бармағын бір жерге тығып қуанадыдейді№
Сонда «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим»
деп яғни таң, ақшам және құптанда дауыстап бастауымыз керекпе? Мешітте имамдар дауыстап айтпай бастай береді