Сұрақ: Құранда қанша сүре және аят бар?
Жауап: Қасиетті Құран – адамзат баласы үшін Алла тарапынан түсірілген кітап. «Нахл» сүресінің 89-аятында: «Біз саған әр нәрсені баяндайтын және мұсылмандар үшін тура жол, мейірім және сүйінші ретінде Құранды түсірдік», деген.
Сүре – белгілі бір мәтін көлемін қамтыған, аяттар топтамасы. Аяттар сүрелерді құрайтын белгілі бір бөліктер, сөйлемдер мен сөз тіркестері. Сүрелер қысқа, орташа, ұзын болып келеді.
Құран Кәрімде 114 сүре, 6216 аят бар. Сүрелердің атаулары мынадай:
1. Фатиха, 2. Бақара, 3. Əл – Имран, 4. Ниса, 5. Мәида, 6. Əнъам, 7. Аъраф, 8. Əнфал 9. Тəубə, 10. Юнус, 11. Һуд, 12 . Юсуф, 13. Раъд, 14. Ибраhим, 15. Хижр, 16. Нахл, 17. Исра, 18. Кəhф, 19. Мариям, 20. Таhа, 21. Əнбия, 22. Хаж, 23. Муъминун, 24. Нур, 25. Фурқан, 26. Шуъара, 27. Намл, 28. Қасас, 29. Анкəбут, 30. Рум, 31. Луқман, 32. Сəждə, 33. Ахзаб, 34. Сəбə, 35. Фатыр 36. Иасин, 37. Саффат, 38. Сад, 39. Зумəр, 40. Ғафир, 41. Фуссилəт, 42. Шура, 43. Зухруф, 44. Духан, 45. Жəсия, 46. Ахқаф, 47. Мухаммәд, 48. Фатих, 49. Хужурат, 50. Қаф, 51.Зарият, 52. Тур, 53. Нəжм, 54. Қамар, 55. Рахман, 56. Уəқиъа 57. Хадид, 58. Мужадəлə, 59. Хашр, 60. Мумтахина, 61. Сафф, 62. Жумъа, 63. Мунафиқун, 64. Тағабун, 65. Талақ, 66. Тахрим, 67. Мүлк, 68. Қалам, 69. Хаққа, 70. Маъариж, 71. Нұх, 72. Жын, 73. Муззаммил, 74. Муддассир, 75. Қиямə,76. Инсан, 77. Мурсалат, 78. Набə, 79. Нəзиат, 80. Абаса, 81. Такуир, 82. Инфитар, 83. Мутаффифин, 84. Иншиқақ, 85. Буруж, 86. Тариқ, 87. Аълə, 88. Ғашия, 89. Фажр, 90. Балад, 91. Шамс, 92. Лайл, 93. Духа, 94. Шарх, 95. Тин, 96. Алақ, 97. Қадр, 98. Бəйинə, 99. Зилзала, 100.Адият, 101. Қариъа, 102. Такəсур, 103. Аср, 104. Һумазə, 105. Фил, 106. Құрайш, 107. Мəъун, 108. Каусәр, 109. Кафирун, 110. Наср, 111. Мəсад, 112. Ихлас, 113. Фалақ, 114. Нас.
Икрам АЙТАЕВ