Сұрақ: «Құран жүрекке жол ашады» деген сөзді қалай түсінеміз?
Жауап: Әдетте имамдар мен дін қызметкерлерінің немесе уағызшылар насихат айтқанда «Алла кімді қаласа түра жолға салады» және «Алла тура жолға салғанды ешкім адастыра алмайды. Алла кімді адастырса, онда ешкім оны тура жолға сала алмайды» деген сөздерді жиі естиміз. «Құран жүрекке жол ашады» деген сөздің мағынасы осы десек те болады.
Өйткені Құран – Алла Тағаланың сөзі. Алла Тағала адамның көңілін исламға ашса, ол адам ойламаған жерден имандылық жолына түседі. Ал енді керісінше, пендесін адастырамын десе, онда оның көздері мен құлақтарына перде жауып қояды. Сөйтіп ондай адамдар адасқаннан адасып кете барады. Оларға сен қанша жерден уағыз айтсаң да олар сені тыңдамайды, керісінше сені ақымақ, ал өзін ақылды санайды:
«Күпірліктерін жалғастыру себебімен Алла олардың жүректерін мөрлеген. Сондықтан азы ғана иман етеді» (Ниса: 155).
«(Мұхаммед (сғ..) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан. Әрі көздерінде перде бар» (Бақара: 6-7).
Егер Алла бір пендесін түра жолға салғысы келсе, онда оның жүрегінде исламға махаббатын ашады. Ол адам қып-қызыл атеист немесе басқа дін өкілі болса да исламға бет бұрады. Мысалы, ислам тарихында жүрегі тасқа айналған қанпезер Әл-Фузайл ибн Ияз есімді қарақшылардың басшысы болған. Кейін дін жолына түсіп, Аллаға махаббат қойғаны сонша, Алла жайында көп білетін үлкен ұстаздардың біріне айналады.
Әл-Фузайл ибн Ияз өзі турасында: «Бір күні кәсібі бойынша ол тонау үшін үйге ұрлыққа түседі. Бір кезде үйден біреудің оқып отырған: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар», (Хадид: 16) – деген Алланың аятын естиді.
Сонда оның аяқтары сал болып, жүруге шамасы келмей орнында тұрып қалады. Сосын ол: «Ей, Раббым! Жүрегімнің Сені зікір етіп қорқатын кезі келді. Аллаға ант етемін! Осы күннен кейін саған күнә жасамаймын», – деп Аллаға уәде бердім» дейді. Осылайша Алланың кәләмі қарақшының жүрегіне жол салып, исламға махаббатын ашты.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Мына жазба жүрекке жетті. Тамаша ♥