Қасиетті Рамазанның құрметіне “Нұр-Мүбарак” университетінде өткен қасиетті Құран қариларының жарысы жеңімпаздарын анықтады. Марапаттар қасиетті Қадір түнінде “Нұр-Мүбарак” мешіті жамағаты алдында табыс етілді.
Жалпы 9 орынға 2 400 000 (екі миллион төрт жүз мың теңге) теңге жүлде қорына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолдау жасалды. Жеңімпаздарды марапаттау барысында “Нұр-Мүбарак” университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев, Бас имам Қайрат Жолдыбайұлы сөз сөйлеп, әуелі жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтап, сосын қари, хафиздарды марапаттау шарасымен жалғасты.
30 ПАРА
1-орын Азамат АБЖАЛОВ, УМРА қажылығы;
2-орын Азамжон АЛИЖОНОВ, 400 000 теңге;
3-орын Айдын МАКАН, 300 000 теңге.
10 ПАРА
1-орын Ағзамхан СРАЖ, 300 000;
2-орын Акмал РАХИМКУЛОВ, 250 000 теңге;
3-орын Еркебұлан ШЕРХАНОВ, 200 000 теңге.
3 ПАРА
1-орын Жасұлан АМАНГЕЛДИЕВ, 200 000 теңге;
2-орын Диас УПАБЕКОВ, 150 000 теңге;
3-орын Орифжан ХАСАНТАЕВ, 100 000 теңге.
Қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан жарысқа 38 үміткер ниет білдірген. Оған НМУ студенттерінен өзге Алматы Технология университеті мен «Үшқоңыр» медресе-колледжінен де қатысушылар бар. 3 парадан – 28 үміткер, 10 парада – 5 үміткер, ал 30 парада – 5 үміткер өзара бақ сынаған болатын.
“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі