Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде Құран және тәжуид дәрістері басталды.
Аптаның алты күні бойы өтетін дәрістерге қазақ тілді, сонымен бірге орыс тілді шәкірттер де қатыса алады. Шәкірттерге дәріс беру үшін арнайы ұстаздар бекітілді.
Атап айтқанда, ақшам намазынан кейін өтетін дәрістерде шәкірттер арнайы топтарға бөлініп, тәжуид талдаулары, Құран сабақтары, Құран әліппесі және араб тілі бойынша білім ала алады.