Мәңгілік мұғжиза қасиетті Құран Кәрімді оқып және жаттауға талпынған жандар үшін сүйінші жаңалық! Нұр-Мүбарак» баспасынан исламтанушы, PhD докторант Бижан Илесбековтың «Құран тағылымы» кітабы оқырманға жол тартты.
«Құран тағылымы» барша оқырман қауымға, әсіресе Құран үйреніп,оны өзгеге үйретемін деушілерге арналады. Құнды еңбекте қасиетті кітапты үйренуші әрі үйретуші адамның артықшылығына тоқталып, Құранды оқу мен жаттау барысында сақталуы тиіс арнайы әдептер мен ережелер баяндалған. Сондай-ақ оқырманды Құран оқуға қызықтыратын, мән-мағынасына көңіл бөліп, ой жүгіртуге шақыратын аяттар мен пайғамбар хадистері, сахабалар мен табиғиндердің сөздерімен таныса аласыз. Құран жаттауға ниет еткен жандарға қатысты араб тілін білетіндер мен білмейтіндерге арналған екі түрлі тәсіл, қасиетті Алла кәламына қатысты өзге де көптеген мәліметтермен сусындауға мүмкіндік береді.
Ал кітап авторы Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы әрі Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының зерттеуші маманы PhD докторант Бижан Илесбеков.