Сұрақ: Құранды құқықтық құжат деп айтуға бола ма?
Жауап: Ислам құқықтанушыларының айтуынша Құранда құқықтық сипатта келген 500-ге жуық аят бар. Алғашқыда қарағанда құқыққа қатысты аяттардың жалпы саны аз сияқты болып көрінуі мүмкін. Сосын Құран құқықтық мәселелерді жай ғана қамтып кеткен сияқты, бірақ шын мәнінде олай емес.
Біріншіден, құқыққа қатысты аяттарда келген сөздер мен сөйлемдер толық немесе ішінара сөзбе-сөз қайталанып отырады. Сөйтіп олардың санының арта түсуіне негіз саналмақ.
Екіншіден, құқыққа қатысты айтылған аяттардағы сөздердің саны жай аятқа қарағанда екі, тіпті үш есе көп екенін ескерген жөн. Дж. Коулсонның пікірінше де Құрандағы құқықтық материалдың көлемі пропорция жағынан Таураттан кем түспейді.
Үшіншіден, Құран ислам догмасына сәйкес адамзатты тура жолға бастаушы кітап: «Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөленгендердің жолына!» («Фатиха» сүресі), яғни Құран «тура жолды көрсетуші». Демек, Құран нұқсаушы, дұрыс жолды көрсетуші кітап деп алатын болса, онда оны тұнып тұрған ережелер, нормалар мен қағидалар кітапбы деп айта аламыз.
Тура жолға түсетін қауым, өзінің жасаған амалы мен әдетін, дәстүрін қаншылықты дұрыс немесе бұрыс екенін айқындап, бағыт-бағдар алып отыратын қағидалар жинағына мұқтаж. Бұл жағдайда Құран орындалуы тиіс қағидалар жинағының орнына өтпек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ