Сұрақ: Құран мұсылмандарды соғысуға шақыра ма?
Жауап: Егер Құран мұсылман үшін бейбіт өмірді емес, соғысты насихаттайтын болса, онда оның ішінде соғыстың айла-тәсілдері, зорлық-зомбылықтың мысалдары, тарих бойында өткен көптеген мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы ұрыстардың сырлары, соғыс барысында жеңіске жету айла-тәсілдері, әскери жоспарлар мен стратегиялар баяндалар еді. Бұлай болуы заңды құбылыс.
Бірақ, Құранда біз мұндай сақынаның бірін де көрмейміз. Керісінше, Құран адамдарға бейбіт өмір мен сүйіспеншілікті насихаттайды. Мұнда ғибратты қиссалар, бұрын өткен халықтар мен тайпалар туралы, пайғамбарлардың өмірі, отбасы құндылықтары, ата-ана құрметі, ағайын, көрші, қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас, дүние құрылымы мен өмірдің мазмұны сияқты т.б. көптеген дүниетаным баяндалады.
Ал енді мұсылмандарды соғысқа жігерлендірген аяттарға келсек, бұлар негізінен соғысудан басқа шегінер жер жоқ, мәжбүр басталған соғыстарға қатысты түсті. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғысты алайық. Халық мәжбүр соғысты. «Шегінер жер жоқ!» деп ұрандап, Отанды қорғады.
Сол себепті, бұл Құранда айтылған бірнеше аяттарды айтып, исламды қаралаудың қажеті жоқ. Әдетте мұндай пікірді исламнан толық хабары жоқ немесе шындықты біле тұра мұсылмандарға күйе жағуды көздеген азаматтар таратуға тырысады. Құран мұсылман әлемінің қасиетті кітабы болғандықтан онда өмірдегі барлық жағдайдың аздап болса да қамтылуы заңды құбылыс екенін естен шығармаған жөн.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ