Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 24 жасқа дейінгі шәкірттер арасында «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран жарысы өтті.
Байқауға облыс бойынша 60-қа тарта шәкірт қатысты. Сайыс келесі номинациялар бойынша өтті: 2 пара, 1,5 пара, 1 пара, 0,5 пара, 22-сүре және мәнерлеп оқу. Шәкірттер Құран жаттап қана қоймай, әртүрлі тақырыптарда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін, қазақ ұлыларының сөзін мүдірмей жатқа айтып берді.
Сайыс жеңімпаздары төмендегідей:
Мәнерлеп оқудан – Серік Кәусар;
22 сүре бойынша – Сүндет Аяла;
0,5 пара бойынша – Сайидрахим Фатима;
1-пара бойынша – Серік Мухаммад;
1,5 пара бойынша – Шехиден Ибраһим;
2 пара бойынша – Шехиден Абдулазиз.
Аталған сайысқа өңірдегі дін жанашыры Біржан Шаймерденов демеушілік жасады. Жеңімпаз, жүлдегер шәкірттер ақшалай сыйлықпен марапатталды. «Алла Тағала барша қайырымды жандарға, осы бүлдіршіндерді тәрбиелеген ұстаздарға, ата-аналарына Құранның берекесін нәсіп еткей. Бұндай игі шаралар болашақта жалғасын таба бермек. Алла дінімізді үстем қылғай!» деді СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.