Сұрақ: Құран лағынет айтады ма?
Жауап: Құран – Алланың кәләмі, қасиетті кітап. Қазақта «киелі заттың қасиеті ұрады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бүгінде әлемде әсіресе, АҚШ-та немесе жалпы батыс әлемінде иламафобияны жақтаушылар мұсылман халқының қасиет санайтын Құранын жағып, жыртып немесе мешітті өртеп, қиратып исламға деген дұшпандығын білдіріп жатады.
Мысалы ретінде осы Құранды аяқ асты етіп қорлаған азаматарды алып қараңыз. Олардың қайсы бірі болмасын түбінде бір айықпас дертке шалдығады не апатқа ұшырайды не болмаса «мұсылмандар өлтіріп кетер ме екен» деп өмір бойы үрейде жүреді. Бақыт пен береке және тыныштық деген нығметті біржола ұмытады. Жалғыз қалуға қорқып, үкіметтен қасына күндіз-түні жүретін арнайы әскер алдырады, сол сияқты тағысын тағы. Осындай құбылыстарға ой жүгіртсең адамды ұратын заттың киесі мен лағынеті түрлі бейнеде келетінін көресің.
Құранның лағынет айтуына қатысты Анас ибн Мәликтің (р.а.) былай деп айтқан сөзі бар: «Кейбір адамдар Құран оқиды. Оларға оқыған Құрандары лағынет айтады». Бұл сөзбен хазіретті сахабаның айтпағы, кім-де кім Құранды мазақ етіп, мағынасы мен оқылуын бұзу үшін әдейі қате оқыса, оқыған аяттары оған лағынет айтыды. Сол үшін адамның басына пәлекет келеді. Ал енді Құранды шамасы келгенше көркем дауыспен, әріптерін орынды шығарып, ережесіне сай оқыса, онда ол адамға сауап жазылып, береке келмек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ