Исламның мәңгілік мұғжизалары өте көп, соның ішінде қиямет күніне дейін қорғалатын Құран Кәрім солардың бірі. Құран Кәрім қияметке дейін өмірге келетін барша адамдардың сұрақтарына жауап алатын қасиет кітап.
Уақыт өткен сайын, технология және ғылым дамып адамдардың ойлау жүйесі мен өмірге деген көз қарас, 14 ғасыр алдыңғы өмірсүрген мұсылмандардың көз қарасымен бірдей емес. Міне Құран ғылымы түсініктер мен сөйлемдер оның теңдесіз бірегейлігін ашуға көмектеседі. Алла Құран Кәрімді адамдарды надандықтан құтқарып тура жолға салу үшін Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) уаһи арқылы жіберді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранды сахабаларына жеткізетін және олар оны еркін түрде түсінетін. Ал түсінбеген жерлерін, сұрап отыратын. Бұхари, Муслим және басқа да көптеген мухаддистер риуаят еткендей, Ибн Масғуд мына бір хадисті бізге былай деп жеткізген: «Иман келтіріп, бірақ имандарына зұлымдық жасамағандар…..»[1] аяты түскенде, бұл аят сахаба қауымына өте ауыр соққы болды және «Уа, Алланың елшісі: Қайсымыз нәпсімізге зұлым етпедік?» дегенде Пайғамбарымыз оларға: «Бұл сіздердің түсінген мағынада емес, Сіздер салих құлдардансыңдар «Күмәнсіз шірік (Аллаға ортақ қосу)- үлкен зұлымдық»[2] есітпедіңдер ме? Бұл шірік деген»[3]. Хз. Пайғамбарымыз кейбір Құран аяттарын асхабына тәпсірлеп беретін. Укба б. Әмір риуаят еткендей, Пайғамбармыз (с.ғ.с.) мінберде болған кезінде: «Оларға қарсы қолыңнан келгенше барлық күштерді дайында»[4] деген аятты оқығанын кейін; «Күш дегеніміз бір нәрсені лақтыру, есте сақтаңыздар» деп айтқанын естідім» деген.[5] Сахабалар Алла елшісінен Құранды үйренуге, түсінуге және жаттауға көп мән беретін. Мұны өздері үшін құрмет санайтын. Әнас (р.а.): «Арамыздан біріміз «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқығанда, ол адам біздің алдымызда дәрежесі жоғары болатын»[6] деген. Міне, Сахабалар Құран Кәріммен амал етуге және үкімдерін үйренуге көп көңіл бөлетін. Абдуррахман әс-Сүлемиттен жеткен риуаят бойынша ол: «Осман ибн Аффан. Абдулла ибн Месуд және басқа Құран үйреткендердің айтқаны: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) он аят оқып, үйреніп, тәлім-тәрбие алып және жүзеге асырмастан, басқа аяттарға өтпейтін еді. Міне осы себептен де олар: «Біз Құранды түгелдей білім мен амал жағынан үйрендік», – дейтін. (Абдурраззақ бұл хадисті осыған ұқсас сөзбен жеткізген.
Теолог, PhD. Исатай Бердалиев