Ізгі бір жаннан:
– Сенің күлмегенің дұрыс дейік. Ал, достарыңның мәжілісіне қатысуыңа не кедергі? – деп сұраған екен бір досы. Сонда ізгі жан:
– Мен жүрегімнің рахатын өзім мұқтаж болғанның (Раббымның) жанында болудан табамын, – деп жауап берген екен.
* * *
Жалғыз өмір сүрген бір діндардан:
– Жалғыздыққа қалайша шыдайсыз? – деп сұралады. Ол:
– Мен жалғыз емеспін. Мен Алланың мәжілісіндемін. Ол маған сыбырлағанын қаласам, Оның кітабын оқимын. Мен оған сырымды айтып, мінәжат қылуды қаласам, намаз оқимын, – деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz