Иман – мұсылман адамның бойындағы баға жетпес қазына, бұл қазынаны мүмінге өмірдің кез келген қиындығымен күресуге, әр қиындыққа төтеп беруге, әр сынақты сәтті жеңуге мүмкіндік береді. Гауһар, алмаз, алтын сияқты кейбір зергерлік бұйымдар қазыналардың арасынан ерекшеленетіні сияқты, мұсылман адамның бойындағы иман қазынасы да адамдар арасында басқаларынан ерекшеленіп тұрады. Мұсылмандар үшін иманның артықшылығын көрсететін бірнеше амалға тоқталайық. Олар:
- Қайғың болса, оны жеңілдету үшін намаз (дұға) бар. Намаздың қазынасы мұғжиза іспеттес, дұрыс әрі шын ықыласпен орындалса егер, баспайтын қайғы жоқ. Алла елшісі қиыншылыққа тап болғанда немесе қиындыққа тап болса, қайғысын жеңілдету үшін дереу Алланың алдына дұғамен баратын. Адам бүкіл дүниені артқа тастап, Раббысымен жалғыз қалғанда дүниедегі бар мұң оның көзінде кішірейеді. Әлемдердің Раббысы тарата алмайтын мұң, шеше алмайтын мәселе, шеше алмайтын проблема жоқ!
- Жүрегің жаралы болса, оны емдейтін Құран бар. Құран – жүректерге шипа, дертке ем, жанға азық. Жараланған, қарайған, мейірімсіз жүректерді емдейді, күйінгендерді өмірмен байланыстырады, «біттім» дейтіндерге қайта-қайта балғын рухты ұялатады. Пендесін ерекше етіп жаратқан Раббымыз Құран Кәрім мүміндердің жүректері үшін қандай мейірім мен шипа екенін былайша баяндайды: «Ей, адамдар! Раббыларыңнан сендерге бір насихат, жүректеріңдегілерге шипа, мүміндер үшін тура жол және мейірім келді». (Юнус сүресі, 57-аят) «Біз Құраннан мүміндер үшін шипа және рақым болатын, бірақ залымдар үшін зиянын арттыратын бір нәрсе түсірдік». (Исра сүресі, 82-аят)
- Жүрегің мазасызданса, оны басатын тәубе мен кешірім бар. Алла Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп бұйырады: «Кімде-кім кешірім сұрай берсе, Алла Тағала оған әр қиындықтан бір (шығатын бір) жол, әр қайғыдан бір жеңілдік көрсетіп, күтпеген жерден ризық береді. . (Әбу Дәуіт, Уитр, 26-хадис)
- Болашаққа қатысты қайғың болса, оған жету үшін дұға бар! Әр адамның болашаққа деген тілектері, үміттері, жоспарлары болады. Біз өмір сүргенше, тілегіміз бізбен бірге жалғасады. Бұл тілектер, жоспарлар мен үміттер туралы біз жасай алатын ең жақсы нәрсе – егер олар біз үшін пайдалы болса, Құдайдан оларды бізге беруін сұрау. Дұға, тілек жайлы Раббымыз не дейді: «Маған дұға етіңдер, дұғаларыңды қабыл етейін» (Мүмин сүресі, 60-аят).
- Бұл дүниеде қол жеткізе алмасаң, сабырлыларға мәңгілік жұмақ бар. Бұл өмірде қандай ді бір қалағанымызға қол жеткізе алмадық делік, қиыншылықтарымыз біткен жоқ, сынақтарымыз біткен жоқ. Олай болса, Пайғамбарлардың басынан өткерген қиын сынақтар туралы ойланып, Алланың шын сүйген пенделерін ауыр сынақтарға ұшырататынын біліп, сабыр еткендерге жәннаттың сүйінші хабары берілетінін естен шығармайық. Бұл жайында Құран кәрімде Алла тағала былай дейді: «Сабыр еткендер, бастарына бір апат келгенде: «Біз Алланың құлдарымыз және Оған қайтамыз» дейді. Оларға Раббылары тарапынан кешірім мен мейірім бар және олар тура жолды табады» (Бақара сүресі, 156-157 аят).
Қорытындылайтын болсақ, жер берітіндегі жаратылған барлық нәрсе жаратқанын тануға бейімді етіп жаратылған. Бұл бейімділік пенденің бойында иман деген баға жетпес қазынамен сипатталады. Ал пенденің бойындағы иманның қуатты болуы, кез-келген нәрсеге қарамастан, бәрін жақсы нәрсеге айналдыруға мүмкіндік береді. Алла Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай: «Мүміннің жағдайы қызығуға және таңдануға тұрарлық. Өйткені кез-келген жағдай ол үшін жақсылыққа себепші. Мұндай қасиет Құдайға сенушілерде ғана бар. Бақытты болса, шүкіршілік етеді және Алладан жақсылығын тілейді. Ал егер ол бір қиыншылыққа тап болса, сабыр етеді және Алладан жақсылығын тілейді». (Муслим, Зухд 64-хадис) Раббымыз бізге де осындай берік иман беріп, осы иманға сай өмір сүруді нәсіп етсін.
Исатай БЕРДАЛИЕВ