Бір кісі хакімдердің біріне барып:
– Достық сүйіспеншілігіңізге құда түсіп келдім, – дейді. Хакім оған:
– Егер мәһірі ретінде үш нәрсе берсең, келісемін, – дейді.
– Қандай нәрсе?
– Мені жамандағандарды тыңдамайсың, ешбір істе маған қайшы әрекет жасамайсың және мені жөн-жосықсыз пайдаланбайсың, – дейді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ