Белгілі экономист Қуаныш Жаиков еліміздегі демографиялық ахуал жайында баяндап берді. Себебі көпшілікті халық саны қалй өзгерген және болашақта қандай өзгерістерге алып келеді деген сұрақтар алаңдатады. Осындай сұрақтардың жауаптарын белгілі экономист айтып берді.
– Қуаныш Жаиков, елімізде халық санының болашақта өсуіне байланысты қандай болжам бар?
– “DESHT ITG” талдауына сүйенсек, еліміздің оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарына ішкі миграция халық санының азаюына әсер еткен. Жамбыл облысынан 200 мыңнан астам, Қызылордадан 100 мыңнан астам адам басқа қалаға қоныс аударған. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, Қазақстанда туудың орташа коэффициентімен санағанда халық саны шамамен 2025 жылы 19,8 млн адамды және 2030 жылы 20,6 млн адамды құрайды. Орташа жылдық өсу қарқыны 1950-2020 жж. шамамен 1,5%-ды құраса, онда 2050 жылға дейінгі кезеңде олар жылына 1%-ға дейін төмендейді.
Ал 2025 жылға қарай халықтың жас айырмашылығына байланысты айтарлықтай өзгерістер күтіп тұр. Яғни 0-4 жас аралығындағы балалар саны 2018 жылмен салыстырғанда 245 мыңға немесе 13%-ға азаяды, ал 5-14 жас аралығындағы балалар саны керісінше 705 мың адамға немесе 22 %-ға артады, бұл мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесіне қосымша жүктеме болмақ. 5-14 жас аралығындағы балалар санының күрт өсуінен білім беру жүктемесі артады
– Қазақтар жалпы халықтың қанша бөлігін құрайды?
– Зейнеткерлік жастағы халық санының өсуіне байланысты денсаулық сақтау инфрақұрылымына сұраныс артады. Халықтың әлеуметтік жағдайына жауап беретін мекемелер мемлекеттік жобаларды әзірлеу кезінде жоғарыда айтылғандарды ескеру қажет деп ойлаймын, ал жұмыс берушілер еңбек нарығының жаңа жағдайларына бейімделуі керек.
Тағы бір маңызды көрсеткіш – халықтың этникалық құрылымы. 2018 жылы қазақтар – 68%, орыстар – 19,3%, өзбектер – 3,2% құрады. Этникалық топтар санының өзгеруіне байланысты 2025 жылға қарай қазақтар жалпы халықтың 71,6%-ын құрайды, ал орыстар мен басқа этностардың үлесі азаяды. Бұл еліміздің моноэтникалық болуына ұзақ мерзімде ықтимал етуі мүмкін. Жұмыс берушілер жас жұмысшылардың тапшылығына да тап болуымыз мүмкін.
– Елімізде өмір сүру ұзақтығы өседі деген болжам бар ма?
– БҰҰ-ның болжамы бойынша Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай ол 73,9 жасқа өседі, ал 2050 жылға қарай тағы 3-4 жылға артып, 77,3 жасқа дейін жетеді. Сондай-ақ туудың орташа деңгейі болып 2025 жылы үш балаға дейін барады.
Қазақ ұлтының саны еліміздің батысында, оңтүстігінде және шығысында көп шоғырланған, ал солтүстік пен орталықта төмен деңгейде орналасқан. Атап айтар болсақ, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында 90 %-дан жоғары, солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында орыстардың үлесі шамамен 50 %-ға дейін жетеді.
Еске салсақ, Қазақстанда туу көрсеткіші, сондай-ақ көп балалы отбасыларға берілетін жөргек пұл өсті, ал өлім саны азайды. Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығының ұзаруы болашақта демографиялық ахуалға оң әсерін бермек.
Сұхбаттасқан – Балжан Әбдіраш