Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы орталық мешітінде рухани маңызы бар іс-шара өтті.
Оған Кувейт мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Омар Ахмет Әль-Қандари, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының директоры А.Мохамед Али, өңір бас имамы Ержан Төлепов, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Қазақстандағы халықаралық ислам қайырымдылық ұйымының қызметкерлері, ҚМДБ-ға қарасты қайырымдылық мекемелерінің директорлары, қала, аудандағы бас имамдары қатысты.
Іс-шара барысында 1 600 дана қазақша мағынадағы қасиетті Құран кітабы, 10 мың дана «Муалим сани» кітабы Түркістан облысының имамдарына табысталды.